RU
Толық нұсқаға өту

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары 

26.06.2026, 17:23 36

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны баяулады. 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, көрсеткіш 7,3 пайыздан 1,8 пайызға дейін 4 есе төмендеген. Ведомство өкілдері бұған нарықты қатаң бақылау және ішкі саудаға енгізілген өзгерістер негіз болғанын айтады. Енді көтерме және бөлшек сауда субъектілерінің мәртебесі нақты ажыратылып, делдалдардың жолы кесілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген бағаны негізсіз көтергендерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ бұл тізім 31 атауға дейін кеңейтіліп, оған көкөніс, ет, балық, сүт өнімдері, ірімшік пен қара шай енгізілді.

Ернұр Жәутікбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі күні электронды саудамен өзіміздің бұрынғы саудада жұмыс қатар жүріп жатыр. Бұл жерде мемлекет жағынан кәсіпкерлердің барлығына мүмкіншілік жасап, қолдау көрсетіп сөйтіп, жұмысымыз жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz