RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция күшіне енеді

26.06.2026, 20:01 35

Қазақстанның жаңа Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Елдің Ата заңына енгізілген өзгерістерді заңгерлер, ғалымдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдері талқылады.

Мамандардың айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясы шамамен 85 пайызға жаңартылған. Бұл ретте мемлекеттің негізгі қағидаттары сақталып, көптеген нормалар қазіргі заман талаптарына сәйкестендірілген. Жаңартылған Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық бірегейлікті нығайту, мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту және оларды құқықтық тұрғыдан реттеуге қатысты жаңа нормалар енгізілген.

Айсана Сман, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Ең жоғарғы нормалар болып есептелгеннен кейін, ҚР заңнамасы да жаңарады, жаңалықтар ашылады. Адам өзгергендей, мемлекет те өзгереді, жаңағы азаматтар да өзгереді жаңа жолға түседі. Сол үшін мына Конституция маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz