Елде жалған психологтармен күрес күшейеді. Сенат «Психологиялық қызмет туралы» жаңа заңды мақұлдады.
Заң аясында психологтардың кәсіби даярлығына қойылатын талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, мамандардың білім деңгейі мен біліктілігіне нақты талаптар белгілейтін кәсіби стандарт енгізіледі. Сонымен қатар психологтардың кәсіби жауапкершілігі мен құпиялылық қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ететін Кәсіби әдеп кодексі бекітіледі. Психологиялық көмектің сапасын арттыру мақсатында ғылыми тұрғыдан негізделген әдістерді қолдану талабы енгізіліп, мамандардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған институт қарастырылады. Заңдағы маңызды жаңашылдықтардың бірі – психологтарды сертификаттау жүйесінің енгізілуі. Сертификаттау маманның кәсіби даярлық пен біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.
Тегтер #Психологтар #Заң мен тәртіп #күрес #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz