Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының жағалауында геологтардың III республикалық универсиадасы басталды.
Далалық жағдайда ұйымдастырылған байқауға еліміздің бейінді жоғары оқу орындарынан 80-ге жуық студент қатысып жатыр. Командалар геологиялық маршруттардан өтіп, минералдардың химиялық құрамын анықтау, түрлі геологиялық тапсырмаларды орындау және табиғи ортада жедел шешім қабылдау бойынша кәсіби шеберліктерін сынап көруде. Тоғыз команданың барлығы жоғары дайындық деңгейін байқатқан. Алда қатысушыларды ең жауапты кезеңдердің бірі – гидрогеология бағыты бойынша сынақ күтіп тұр. Мамандардың пікірінше, мұндай далалық жарыстар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ геологтардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ерғали Әуелхан, Сәтбаев университеті Геология институтының директоры:
- Бұның негізгі мақсаты – геология мамандығын танымал ету, дәріптеу. Еліміздің экономикасының негізгі бір секторы – осы геология мамандығы. Сол себептен осы геолог мамандардың арасындағы қазір өтіп жатқан іс-шараның еліміздің геология саласына дамытуға, осы салаға маман даярлауға қосар үлесі зор.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ШҚО #геологтар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz