Талдықорғанда жастар мен жасөспірімдер арасындағы паражүзуден ел чемпионаты аяқталды. 15 өңірден келген 130-дан астам спортшы бақ сынады.
Олар баттерфляй, брасс, кешенді жүзу, шалқалай және еркін стильде жүзу бойынша өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен сайыста бірнеше жеңімпаз атанды. Арасында Нұрәлі Нұрболат бар. Ол паражүзуден ел чемпионатының 3 дүркін чемпионы болды. Ендігі арманы спорт шебері атану.
Айдар Қартпаев, ҚР Паражүзуден ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы:
- Бұл чемпионатта болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларды іріктейміз. Себебі бұл – жастар арасындағы жарыс, яғни ұлттық құраманың резерві. Қазір осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Дарынды жастар көп. Оларды Қазақстан чемпионатында бақылап, кейін халықаралық жарыстарға дайындаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Талдықорған #паражүзу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz