RU
Толық нұсқаға өту

«Қымызмұрындық» этнофестиваліне 35 мың адам жиналды. Live

27.06.2026, 13:15 41

Алматы облысында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтіп жатыр. Қымыздың қасиетін әспеттеген шара барысында спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері мен дәстүрлі ойындар өтеді.

Биылғы «Қымызмұрындық» этнофестиваліне 35 мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында Түркия, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және өзге де мемлекеттерден келген қонақтар бар. Биыл 80 киіз үйден құралған этноауыл бой көтеріп, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Келушілер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен және мәдени мұрасымен жақын танысуға мүмкіндік алып отыр. Фестиваль бағдарламасының маңызды бөлігі – ұлттық спорт түрлері. Аз уақыттан кейін көрермендер қазақ күресін, «Толағай» алыптар сайысын, тоғызқұмалақ пен ұлттық ат ойындарын тамашалайды.

Айта кетейін, биыл ұйымдастырушылар туристік әлеуетін арттыруға, байланыс сапасын жақсартуға және ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлген. Қарқара төріндегі думан әлі де жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz