RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

27.06.2026, 21:36 33

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының 15 қызметкеріне жаңа баспана кілті табысталды.

Игі бастама Президент тапсырмасымен жүзеге асты. Кәсіби мереке қарсаңында қуанышқа кенелгендердің арасында әріптестеріміз де бар. «Хабар» Агенттігінің» телеоператоры Әбен Нарымбаев пен үйлестіруші Айгүл Ғазизуллина қоныс тойын тойлады.

Бүгінгі күн телеоператор Әбен Нарымбаев үшін шаттыққа толы. Себебі осы күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келді. Жұбайымен бес бала тәрбиелеп отырған әріптесіміз өмірінің 22 жылын отандық журналистикаға арнады. Оның бейнеті күнделікті жаңалықтардағы маңызды оқиғаны таспалау. Тіпті сүйінші хабарды түсірілім барысында естіген.

Әбен Нарымбаев, "Хабар" Агенттігі" АҚ телеоператоры:

- Жақсы жаңалықты естігенімде көзіме жас келді. Басында біраз уақыт сенбей тұрдым. Басқа әріптестерім хабарласып, құттықтап жатқанда шынымен үйлі болғанымды сезіндім. Қазір кілтті қолыма алғанымдағы әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын.  

Айгүл Ғазизуллинаның медиа саласынадағы еңбек өтілі  35 жыл. Бұл уақыт ішінде ақпарат саласының әртүрлі қызметін атқарды. Телебағдарламалар мен киножобаларды жасауға атсалысты. Бейнеөңдеуші болды. Қазір «Хабар» агенттігінің түсірілім топтарының жұмысын үйлестіреді.

Айгүл Ғазизуллина, "Хабар" Агенттігі" АҚ өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің үйлестірушісі:

- Президент мырзаға үлкен рақмет айтамыз. Қолдауына рақмет. Бірінші рет қанша жылдан бері осы Алматы қаласынан пәтер кілтін табыстап беріп жатыр. Бәріне жұғысты болсын дейміз. 

Баспаналы болғандардың басым бөлігі көп балалы отбасылар. Олар саланың қарапайым мамандары.

Елена Лысенко, "Балдырған" журналының суретшісі:

- Бес баламен жалдамалы пәтерде жүру оңай емес болды. Бұл мен үшін үлкен қолдау болды. Себебі баспаналы болуға ұзақ уақыт ұмтылдық. 

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне 66 пәтер кілті табысталды. Ал соңғы үш жылда 200 баспана берілген. 

Ернұр Рысбай, Ғафу Уәли, Сержан Жұмабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz