Шымкентте қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті бақылауға дрондар жұмылдырылды.
Осы мақсатта полиция департаментіне жеті ұшқышсыз ұшу аппараты беріліп, тәртіп сақшылары арнайы дайындық курстарынан өтті. Жаңа технология заңсыз қоқыс тастайтындар мен қоршаған ортаны ластаушыларды анықтауға септігін тигізді. Соның нәтижесінде стационарлық камералардың бақылауынан тыс қалған аймақтарды шолып, құқық бұзушыларды бейнетіркеуден өткізуге мүмкіндік туды. Жалпы жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғандарға қатысты 17 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Қазір заманауи құрылғылармен мегаполис іргесіндегі шағын аудандар, базар, автобекет және саябақтарда үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.
Данабай Әлиев, қалалық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
- Құқық бұзушыларды анықтау мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Олар өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Яғни әуе арқылы құқық бұзушылықтарға анықтау жүргізіліп, 1 тәулік ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу, тазалықты сақтамау және қоғамдық орынды ластаудың 210 фактісі анықталды.
Тегтер #қала тазалығы #Таза Қазақстан #Шымкент #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz