RU
Толық нұсқаға өту

Оралда ерекше балалар мамандық алды

28.06.2026, 09:57 37

Орал қаласында даму ерекшеліктері бар 10 жасөспірім жергілікті колледждердің бірінде бес ай оқып, «Киім және аксессуарлар декораторы» бағыты бойынша мамандық алып шықты. 

Олардың оқуын қоғамдық қорлар қаржыландырды. Аутизмге шалдыққан, өзге де ментальдық өзгерістері бар жасөспірімдер осы мерзімде түрлі қолөнер туындыларын, сәндік әшекей бұйымдарын жасауға үйренген. Тіпті екі оқушыны арнайы киім тігетін салондар тағылымдамадан өтуге шақырып, келешекте жұмысқа орналастыруға ниет білдіріпті. 

Айгүл Есқалиева, колледж директоры:

- Ерекше балалармен жұмыс оңай болды деп айта алмаймын. Осы бес ай ішінде әр екі балаға бір өндірістік оқыту шебері бекітілді. Сол бес ай бойы бірлесіп еңбек етіп, бүгін нәтижесін көріп отырсыздар. Балалардың жасаған бұйымдары мен жеткен деңгейі соның айқын дәлелі. Балалардың өзгерісі өте жоғары, ата-аналары да риза. Себебі бастапқы деңгейімен салыстырғанда, қазір олар көптеген бұйымды өз қолдарымен жасап, түрлі дағдыларды меңгерді. Осылайша, олардың біліктілік деңгейі едәуір артты деп айта аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz