Астанада Керекудің креативті жәрмеңкесі басталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен «Креативті индустрияларды дамыту» корпоративтік қоры жүзеге асырып жатқан республикалық жоба аясында Ертіс-Баянның өнері мен өрнегі елорда төрінде тоғысты. Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары Павлодар облысының бай мәдени мұрасы, қолөнер дәстүрлері және заманауи шығармашылық жетістіктерінен хабардар болады. Жәрмеңкеде ұлттық бағыттағы өңірлік бренд өнімдері, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ дизайнерлердің этно-киім топтамалары мен аймақ суретшілерінің шығармалары ұсынылмақ.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы Мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы:
- Қазақ даласындағы әрбір өңір бір-біріне ұқсас. Бірақ әрқайсында түртіп алар бір-бір дүниеден барына кәміл сенімдімін. Сондай өңірлердің бірі біздің Павлодар. Біздің ерекшелік менің ойымша пост кеңістік даласында жалғыз ғана Павлодар облысында орналасқан венил пластинкаларының музейі бар. Мұнда 23 мыңнан аса пластинка жинақталған. Бұл 19 ғасырдың орта беті менен бүгінгі күнге дейінгі әуендерді сақтап келе жатыр. Ал бұл пластинкалардың ерекшелігі не десеңіздер біз оны цифрландыруға өңдеп, цифрлық платформада ұсынып отырмыз.
Замира Сұлтанова, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының Павлолар өңірі бойынша координаторы:
- Креативті индустрия қорының бастамасымен жасалған, Мемлекет басшысының қолдауымен ашылып Павлодарлық креаторларға үлкен мүмкіндік болып жатыр. Бүгінгі шараға 180-ге жуық делегация келіп жатырмыз. Оның ішінде 30-ға жуық креаторлар бар. Жалпы бағдарлама 2 күндік. Бірінші күн ресми ашылу және шеберлік сағаттары жүріп жатыр.
Жәрмеңкенің екінші күні әдебиет пен руханиятқа арналды. Шарада көрнекті ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің «Я знаю!» кітабының ресми таныстырылымы өтті. Сонымен қатар қала тұрғындары «Ертіс пен Есіл арасы» атты музыкалық поэзиялық кештің куәсі болды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #кереку #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz