Астанадағы ескі вокзалдың төбесі опырылып түсті. Оқыс оқиға ғимарат асханасында болған.
Апат кезінде тамақтанып отырған адамдардың екеуі дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Аталған факт бойынша вокзал басшысы көмекшісінің үстінен акт толтырылды. Ал Қазақстан Темір жолы компаниясы, ғимарат 2002 жылдан бастап жекеменшікке өткенін және тасымалдаушының нысанды басқару құқығы жоқ екенін мәлімдеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #вокзалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz