RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында үш вокзал жаңғыртылды

28.06.2026, 21:30 40

Қызылорда облысында 10 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр. Қазір өңірдегі бірнеше ірі көлік торабы, күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Мысалы, Жаңақорған және Шиелі аудан-дарындағы вокзал ғимараттары толық заманауи талаптарға сай жабдықталды. Қазалы вокзалы да жаңа кейіпке енген. Бұл жобалар - өңірдегі теміржол инфрақұрылымы-ның сапасын арттыруға бағытталып отыр.

Жаңақорған кентіндегі вокзал ғимаратын жөндеуге 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Мұнда күніне 120 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты.

Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі:

- Барлық жеті аудандардың теміржол вокзалдары, Сексеуіл кентінің теміржол вокзалы, Төретамның және Талап бекетінде платформасы жөндеуден өтуде. 800 шақырымдай теміржол жолдары қазір жөндеуден өтуде.

Кенжегүл Бақтыбаева, Жаңақорған ауданының тұрғыны:

- Вокзалға келген адам ауданның қандай екенін осы вокзалдан көреді. Сондықтан ең бірінші вокзалымыз жақсы, керемет болса, ауданымыз да тамаша болады.

Шиелі ауданында да теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты. Тәулігіне 200 жолаушыны қабылдай алатын вокзал толықтай заманауи талаптарға сай жабдықталды.

Құттықыз Ыханова, Шиелі ауданының тұрғыны:

- Шиелі вокзалын көріп, туған жерімді көріп, киелі мекеннің керемет жаңарғанын көріп қуанып жатырмын. Ішінде балаларға, аналарға арналған бөлме бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысым шексіз.

Сыр өңіріндегі ең ірі транзиттік нүктелердің бірі - Қазалы ауданы. Күн сайын вокзал қызметіне 4500-ге жуық адам жүгінеді. Ғасырдан астам тарихы бар осы көне ғимарат та қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша 124 вокзал жаңартылып жатса, соның 10-ы Қызылорда облысына тиесілі.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz