Ақтөбеде Dalida Cinema кинотеатры жұмысын бастады. Заманауи кешенде тұрғындар фильм көріп, отбасымен бірге бос уақыттарын тиімді өткізе алады.
Салтанатты шара аясында отандық жаңа фильм басты кейіпкерлерінің қатысуымен арнайы көрсетілім өтті.
Жаңа кинотеатр «Алтын Орда» шағын ауданындағы Dalida Plaza сауда және ойын-сауық орталығында ашылды. Қазір қаланың бұл бөлігі қарқынды дамып, жаңа нысандармен толығып келеді. Сауда орталығы аумағында танымал My Kids ойын-сауық активити-паркі де жұмыс істейді. Енді балалар да, ересектер де жаңа фильмдерді заманауи кинотеатрда үлкен экраннан тамашалай алады.
Айнұр Баймағамбетова, «Dalida Plaza» СОО Басқарушы директоры:
- Кинотеатрда жалпы 800 орынға арналған 7 зал бар. Барлығы соңғы технологияларға сай қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Арнайы комиссия келіп, барлық талаптарға сәйкестігін тексеріп пайдалануға қабылдады. Сондықтан бізде жоғары деңгейдегі заманауи кинотеатр ашылды деп сеніммен айта аламыз.
Кинотеатрдың ашылуына орай көрермендер үшін «Бишарашки в Индии. В поисках мамы» фильмінің арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары картинаны үлкен экранда алғашқылардың бірі болып тамашалап, сүйікті актерлерімен жүздесті. Іс-шараға Әсел Сағатова, Еркебұлан Тоқтар, Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова және Олжас Абай қатысты.
Олжас Абай, актер:
- Енді біздің төртінші нұсқаға шақырғаннан кейін осы кино жақсы шықсын деп қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Жақсы болғандай-ақ, Дариға екеуіміздің ойнаған рөлімізді бағалап, 2-3 күн болды киноға шыққанына, халық жақсы пікірлерін білдіріп жатыр екен.
Алдағы уақытта жаңа кинотеатрда көрермендер «Одиссея» және «Өрмекші адам» сияқты фильмдерді үлкен экраннан тамашалай алады.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтөбе #жаңа кинотеатр #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz