RU
Толық нұсқаға өту

ҰБТ-ға даярлау уәдесімен халықты алдаған алаяқ экстрадицияланды

29.06.2026, 14:09 40

Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлаймын, деп алаяқтық жасаған күдікті Албаниядан ұсталды.

Ол жоғарғы оқу орындарына түсіруге кепілдік те берген. Бірақ жалған мәлімет жарға жықты. Шетелде бой тасалаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдар экстрадициялады. Күдіктіні қолға түсірумен Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері айналысқан. Заңсыз әрекет салдарынан 32 адам жалпы сомасы 28 млн теңгеден аса қаржыдан қағылды. Биыл мамырда Албанияда ұсталған ол, қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz