RU
Толық нұсқаға өту

Әділет министрлігі құқықтық саясат тұжырымдамасын жаңартады

29.06.2026, 21:23 38

Құқықтық саясат тұжырымдамасын жаңарта отырып, конституциялық реформаны толыққанды іске асыру. 

Осы мәселе Әділет министрлігінде өткен қоғамдық кеңесте қаралды. Бұдан бөлек, адами капитал, ғылым, білім, инновациялар және экологиялық сананы жаңғырту жайы жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысушылар мемлекеттің даму философиясы енді конституциялық тұрғыдан түбегейлі өзгеретінін атап өтті. Жаңадан қабылданған Ата Заң Әділетті Қазақстан идеясын, «Заң және тәртіп» қағидатын айқындап берді. Конституциялық реформаны жүйелі түрде жүзеге асыру үшіне заңнамалар ықшам, түсінікті әрі болжамды болуы тиіс. Осы ретте әділет министрі Ерлан Сәрсембаев заң шығару процесін қағазбастылықтан арылтып, шектен тыс құқықтық реттеуді қысқарту қажеттігін атап өтті.

Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:

- Бұрын құқықтық саясат көбіне мемелкеттік мүддесіне бағытталған болса, бүгінде бүкіл құқықтық жүйенің орталығында адам, оның мүддесі тұруы керек. Бұл әрбір заң жобасы ең алдымен адамдардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне тигізетін әсер тұрғысынан бағалануы тиіс дегенді білдіреді.

Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жеке құқықты сот жүйесіндегі орындаушылардың олардың проблемалары заңдармен шешілген осы жылы. Алайда соның өзінде ол жақта әлі проблемалар бар. Олардың бәрі заң ретінде реттеледі. Өйткені арт жағында кісі тұр. Кісінің құқықтары. Қазір болашақта шешілуі керек деген көп процесті бүгінде қоғамдық кеңесте көтердік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz