«Самұрық-Энерго» АҚ Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр стансаларының бірін салып жатыр.
Оның өндіріс қуаты 1 ГВт-қа жетеді. Жоба жаңартылатын энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы Маздар компаниясымен бірге жүзеге асырылады.
Жаңартылатын энергия көзіне негізделген ауқымды жоба елдің оңтүстік аймақтары үшін ерекше маңызға ие. Жаңа жел электр стансасы энергия тапшылығын едәуір азайтып, саланың тұрақтылығын нығайтады.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрык-Энерго» ақ басқарма төрағасы:
- Салынып жатқан Орталық Азиядағы ең ірі ЖЭС бірі болады. Жоба аясында 440 га аумақта 100-ден атсам жел генераторы орнатылады. Станса жылына шамамен 3,4 млрд кВт/сағ электр энергия береді. Ол 800 мың үй мен ауыл шаруашылықтарын таза энергиямен қамтамасыз етеді. Бұл жоба оңтүстік өңірдің электр энергия тапшылығын азайтуға оң әсер етеді.
Жобаны жүзеге асыру барысында жасанды интеллект қолданылады. Сонымен қатар электр энергиясын жинақтау жүйесі енгізілгелі жатыр.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрык-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы:
- Құрылыс кезеңінде мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын боламыз. Эксплуатация кезеңінде жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жоба біздің экономикамызға жағымды үлес қосатын болады.
Жобаға 1,4 млрд АҚШ доллары шамасында инвестиция құйылады. Жаңа нысан 2029 жылы қолданысқа беріледі. Ең ірі жел электр стансасының пайда болуы аймаққа шетелдік инвесторларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ықпал етеді.
Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Тимур Сейлхан, Эльдар Байділдә
Тегтер #«СамұрықЭнерго» #Орталық Азия #ЖЭСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz