Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер Жарма ауданындағы үш жер учаскесінде рұқсатсыз қазба жұмыстарын жүргізіп келген.
Соның салдарынан жердің құнарлы қабаты бүлініп, қоршаған ортаға зиян келгені белгілі болды. Тінту шаралары кезінде кенді байытуға арналған жуу қондырғысы секілді арнайы техникалар мен бірнеше автокөлік тәркіленіп алынды. Құзырлы органдар аталған қылмыстық іске өзге де адамдардың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қазіргі уақытта барлық қатысы бар тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металлдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процесстік Кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Абай облысы #алтынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz