Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Жиында экономика, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика және аса маңызды минералдар салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаузалды. Үкімет басшысы: «2025 жылы өзара сауда көлемі 4,4 млрд долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,5%-ға артты. Алдағы кезеңдедегі басты міндетіміз – екі ел арасындағы дәстүрлі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты неғұрлым дамыған өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияға айналдыруды қамтамасыз ету», - деді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және екі ел арасында жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Тегтер #Германия #Қазақстан #сауда көлемі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz