Маңғыстау облысындағы көрікті демалыс орындарының бірі – Ақмыш сайында тазалық акциясы өтті.
Саяхатшылар жиі баратын бұл табиғи аумақ ежелгі Қызылқала қалашығының маңында орналасқан. Өкінішке қарай, демалушылардың тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастап кетуі табиғатқа кері әсерін тигізіп келеді. Осыған байланысты облыстық прокуратура мен жергілікті әкімдік бірлесіп сенбілік ұйымдастырды. Тазалық шарасына «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары мен еріктілер белсене қатысты. Олар демалыс аймағына шашылған қоқысты жинап, арнайы полигонға шығарды. Сенбілік соңында қатысушылар Шерқала тауының етегінде эстафеталық ойындарға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.
Маралбек Сейілов, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары:
- Балаларды тазалыққа баулу, қоршаған ортаны, табиғатты аялау - арғы жағындағы мақсатымыз. «Таза Маңғыстау» мекемесі құрылды. Оған осы тазалыққа арналған әртүрлі арнайы техникалар алынып жатыр. Қазір жұмыстарын бастап та кетті. Халықты, келетін қонақтарды табиғатты таза ұстау мәдениетіне шақырамыз.
Тегтер #Маңғыстау облысы #сенбілік #Таза Қазақстан #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz