Астана қаласы полиция департаменті ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды «24KZ».
Тергеу барысында күдіктінің құрылыс нысанына еркін кіріп, жалпы құны 2 млн теңгеге жуық құрылыс құрал-саймандарын ұрлағаны анықталды.
Ұрланған мүліктің қатарында Bosch құрылыс шаңсорғышы, бұрыштық тегістеуіш, бұрағыш, электр бұрғысы және құрылыс жұмыстарына арналған қоспалар болған. Қылмыстың салдарынан жәбірленушіге елеулі материалдық шығын келтірілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің ұрланған мүлікті сатып үлгерген-үлгермегені және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz