RU
Толық нұсқаға өту
Видеодан алынған кадр

Алматы полициясы синтетикалық есірткі тарататын ірі қойманы әшкереледі

30.06.2026, 12:55 47

Алматыда ірі есірткі интернет-дүкенінің негізгі қоймасы әшкереленді, деп хабарлайды «24KZ».

ІІМ мен қалалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында күдікті ұсталды. Жеке тінту кезінде одан есірткі заты салынған түйіншек тәркіленді. Алайда бұл істің тек бастамасы ғана болды.

Кейінгі жедел іс-шаралар барысында полицейлер алдын ала дайындалған 20 «жасырын орынды» анықтады. Одан кейін тыйым салынған заттың негізгі бөлігі сақталған орынды тапты.

Тінту барысында үш келіден астам мефедрон, көп мөлшерде қаптама материалдары, электронды таразылар және есірткіні бөлшектеп орауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Жедел қызметкерлердің мәліметінше, бұл синтетикалық есірткіні әрі қарай таратуға арналған толыққанды қойма болған.

«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті есірткі сатумен айналысатын жасырын интернет-дүкендерге жұмыс істеген. Оның міндеті – ірі көлемдегі есірткіні қабылдап, оны бір реттік дозаларға бөліп, кейін «жасырын орындар» арқылы таратушыларға беру болған», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz