Ұшқышсыз авиациялық жүйелер жеке құрамның тікелей қатысуынсыз және өмірге қауіп төндірмей-ақ кең ауқымды міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Әрі бұл құрылғы барлау, әскерді басқару, қарсыласты оқ атып жою және жүк жеткізу сияқты негізгі міндеттерді атқаруда маңызды құралдардың бірі. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға белсенді қолданылып келеді. Еліміздің Қарулы күштерінің қару-жарақ құрамында «шағын» деңгейден бастап «оперативтік-стратегиялық» деңгейге дейінгі әртүрлі кластағы ұшқышсыз авиациялық жүйелер бар. Бүгінде аталған авиациялық жүйелерді пайдалану бойынша курсанттарды оқыту Қорғаныс министрлігінің барлық жоғары әскери оқу орындарында жүргізіліп жатыр. Мәселен, Астана мен Щучинск қаласында әскери колледждерде ұшқышсыз және роботтандырылған жүйелерді пайдалану мен қызмет көрсету мамандары даярланады.
Тегтер #ұшқыш #авиация #кәсіби мереке #ұшу аппараты #қарулы күштерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz