Шілде айында Қазақстанның бірнеше өңірінде мәдени, музыкалық және гастрономиялық бағыттағы ауқымды туристік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды «24KZ».
5 шілдеде Астанада «Асыл мұра» фестивалі өтіп, халық музыкасы концерттері мен дәстүрлі аспаптарда шеберлік сабақтары ұсынылады. Сол күні Петропавлда басталатын «Қызылжар әуені» фестивалі 12 шілдеге дейін халықаралық өнерпаздардың қатысуымен жалғасады.
10-12 шілде аралығында Катонқарағайда «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өтіп, этноауыл, қолөнер жәрмеңкесі мен ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады. Ал 11-12 шілдеде Астанада өтетін Bai Qymyz фестивалінде қымыз өндірушілер байқауы ұйымдастырылып, келушілер ұлттық тағамдар мен қымыздан дәм тата алады.
18 шілдеде Түркістанда «Шәмші әндері» фестивалі аясында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, 25 шілдеде Алакөл жағалауында өтетін «Алакөл толқындары» фестивалі концерттерді, спорттық жарыстарды және түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларды қамтиды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар ішкі туризмді дамытуға және өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #фестиваль #мәдени шаралар #концертPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz