RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазған-Қарағанды жолының құрылысы басталды

30.06.2026, 19:42 36

Көптен күткен Жезқазған-Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды.

Жоспар бойынша құрылыс 2029 жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы ұзындығы - 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жобаның басталу рәсіміне қатысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мердігерлермен келіссөздер жүргізіліп, тиісті міндеттер жүктелетінін айтты. Ел үшін айрықша маңызды жоба мемлекет басшысының бақылауында. Мақсат құрылыс қарқынын мүмкіндігінше күшейтіп, 2028 жылы аяқтау деді. Жоба құны 524 млрд теңге.

Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz