RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды

30.06.2026, 22:00 30

Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша лауазымды тұлғалар ұсталды.

Заң бұзушылықты Сарыағаш ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында анықтады. Прокуратура мәліметінше, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалу фактілері белгілі болған. Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу шарттары аясында іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін бюджеттен қаражат аударылғаны анықталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, мекеменің бірқатар лауазымды тұлғалары, жеке кәсіпкерлермен алдын ала келісіп, нақты орындалмаған жұмыстар мен көрсетілмеген қызметтерді қабылдау актілеріне қол қойған. Соның нәтижесінде бюджет қаражаты негізсіз аударылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz