RU
Толық нұсқаға өту

Шағын су көліктерін ТЖМ бақылайды. Live

01.07.2026, 09:10 34

Бүгіннен бастап елдегі шағын су көліктерін бақылау өкілеттігі Көлік министрлігінен ТЖМ-нің құзыретіне берілді.

Енді қайық, гидроцикл сынды техникалардың талапқа сай болуын төтенше жағдай қызметкерлері қадағалайды. Жалпы Жетісу облысынның аумағында 225 кішігірім су техникасы тіркелген. Олар Балқаш пен Алакөлде туристерге қызмет көрсетеді.

Жетісу облысындағы көліктік бақылау қызметінің мәліметінше, Балқаш пен Алакөл көлдерінде 35 паром, 70 гидроцикл және 120 қайық бар. Олардың негізгі бөлігі Алакөлде шоғырланған. Мұнда демалушылардың құрылықта да, суда да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖД мен Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейдтік шаралар мен кезекшілік кестесі әзірленді.

Айта кетейін, шомылу маусымы басталғалы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 10 шақты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал су көліктерін пайдалану ережелерін ескермеген  12 адам жазаланып, жалпы салынған айыппұл көлемі 620 мың теңгеге жеткен.  Жалпы биыл аймаққа 2 млн-нан аса турист келеді деп жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz