RU
Толық нұсқаға өту

Ерікті донорлар қатары артып келеді

01.07.2026, 09:40 50

Жыл сайын Қазақстанда 200 мыңнан астам адам ерікті түрде қан тапсырады. Олардың басым бөлігі мұны ақысыз негізде жасап, өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосады.

Донорлық қозғалыста Астана, Алматы және Шымкент қалалары көш бастап тұр.

Қан тапсыруға донордың небәрі 10 минут уақыты кетеді.  Ал қанға мұқтаж жан үшін бұл өмірге берілген мүмкіндік. Донорлар өз қанының кімге құйылатынын білмейді. Бірақ қасықтай қаны өзгенің жанын сақтап қалады.

Жайнар Астаева, Шымкент қалалық Қан орталығы директорының орынбасары:

- Бір донор үш адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Өйткені тапсырылған донор қаны әрі қарай плазмаға, қан клеткаларына бөлініп, басқа да науқастарға көмегін тигізеді.

Шымкент қалалық қан орталығына күн сайын шамамен 150 адам келеді. Солардың бірі – құрметті донор Шаяхмет Шауполатов.  Бұл жолы ол 64-ші рет қан тапсырды. Айтуынша, алғашында әріптесіне көмектесу үшін келген, кейін донорлықты өмір салтына айналдырған.

Шаяхмет Шауполатов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Денсаулығыңыз жараса, денсаулығыңыз мүмкіндік берсе, қорықпай келіп, қан тапсырып кетіңіздер деп айтамын. Бұл жерде көп уақыт алмайды, 2 сағат. Алса ол 2 сағат біреудің өмірін сақтап қалу мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, қан қорын үнемі толықтырып отыру қажет. Себебі шұғыл операциялар мен жол-көлік оқиғалары кезінде әр минут қымбат.

Гауһар Жамалбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Біріншіден, ол денсаулыққа өте пайдалы. Екіншіден, науқастарға да көмегіміз тиеді деп ойлаймын. Бәрі жақсы, коллективте жақсы. Бәрін тез-тез өттік, ыңғайлы өтті.

Біреу үшін донорлық – қалыптасқан дәстүр. Енді біреу алғаш рет қан тапсырмақ. Айта кетейік, біздің өңірдегі тілшілеріміз де бұл игі істен шет қалмай, өз үлесін қосты. Процедура алдында міндетті медициналық тексеруден өткеннен кейін мамандар донорлыққа рұқсат береді. Бар болғаны он минуттың ішінде тапсырылған қан ортақ қорға жіберіледі.

Авторлары: Карина Хаберова, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz