RU
Толық нұсқаға өту

Air Astana әуе паркі жаңа ұшақтармен толығады

01.07.2026, 17:00 37

Air Astana әуе паркін Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. 

Оған қоса, Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі. Бұл туралы Президент қабылдауында болған компанияның бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді мәлімдеді. Кездесуде Мемлекет басшысына компанияның операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Ұзақмерзімді даму стратегиясы Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған. Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады. Сондай-ақ рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz