Елордада еліміздің мал шаруашылығы мен ветеринария саласының үздік мамандары мемлекеттік наградамен марапатталды.
Республиканың түкпір-түкпірінен арнайы келген фермер, шаруа қожалық басшылары және мал дәрігерлеріне құрмет көрсетілді. Ал үздік деп танылған жас мамандар жоғары марапатқа ие болды. Мал шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі бағыттың бірі. Былтыр бұл саладағы жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жеткен. Тек биылдың өзінде мал шаруашылығын жеңілдетілген несиелеуге 300 миллиард теңге бөлінген.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Бүгінгі ауыл шаруашылығы мүлде бөлек. Жаңа технологияларды алып келіп жатырмыз. Жаңа өнімділікті беретіндей жаңа техникаларды пайдаланып жатырмыз. Жасанды интеллектіні пайдаланып жатырмыз. Цифрландыруды пайдаланып отырмыз. Енді сол тәжірибемен өңірлерден келіп, Астанада бір бірінен үйренсін, бір-бірінен тәжірибе алсын деп шақырып жатырмыз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz