RU
Толық нұсқаға өту

Конституцияның Брайль қарпіндегі нұсқасы шықты

01.07.2026, 19:29 30

Еліміздің Халықтық Конституциясы Брайль қарпімен жарық көрді. 

Енді зағип және көру қабілеті нашар жандар жаңа Ата Заңның мәтінімен толық таныса алады. Қазақстан – Конституциясы Брайль қарпімен жазылған санаулы елдердің қатарында. Яғни зағип жандар тактильді тәсілмен оқи алады. Көру қабілеті шектеулі адамдар үшін Конституцияны қолжетімді ету олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына, құқықтарын білуіне мүмкіндік береді. Басылымның ресми тұсаукесері Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, заңгерлер және тиісті қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты. Сарапшылардың пікірінше, еліміздің басты құжатының Брайль әліпбиіндегі нұсқасының жарық көруі мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне толығымен араласуына кепілдік береді. Басылым азаматтарға арнайы  қызмет көрсететін аймақтық мекемелер мен мамандандырылған кітапханаларға тапсырылады.

Болатхан Сыздықов, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың бөлім басшысы:

- Бұл кітап республика бойынша таратылады. Жалпы саны – екі жүз дана. Конституция кітапханаларға, мектептерге, сондай-ақ зағип балалар оқитын арнайы мектептерге үлестіріледі. Соңғы бір айдың ішінде осы екі жүз дананы басып шығардық. Қажет болған жағдайда тиражды көбейту қиындық тудырмайды. Егер техника дұрыс жұмыс істеп тұрса, ешқандай мәселе болмайды. Біз үшін ең қиыны – мәтінді түзетіп алу. Ал қалғаны, яғни тиражды көбейту онша қиын емес.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz