19 шілдеден бастап елімізде бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады.
Осы арқылы қазақстандықтар кез келген QR-төлемді өзі қалаған банк қосымшасы арқылы орындай алады. Бұған дейін әр банк тек өзінің QR-код жүйесімен ғана жұмыс істейтін еді. Бұдан былай жаңа жүйе түрлі банктердің төлем сервистерін біріктіріп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ыңғайлы етпек. Ұлттық банктің мәліметінше, платформа былтырдан бері сынақ режимінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда бірқатар банктің клиенттері үшін телефон нөмірі арқылы ақша аудару және QR-кодпен төлем жасау қызметтері қолжетімді. Осы уақыт ішінде жүйе арқылы жалпы сомасы 300 млрд теңгеден астам транзакциялар өңделді.
Тегтер #QRтөлем #Ұлттық банк #транзакциялар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz