Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүру қаупі жоғары. Түнде жауған жауын-шашын салдарынан тау өзендерінде су деңгейі көтерілген.
Әсіресе Ақсай өзенінде жағдай күрделі. Өзен арнасы толып, жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Жағдайға байланысты аталған аумаққа Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды. Шұғыл әрекеттің арқасында қауіп сейілді. Халықты жедел хабардар ету мақсатында Наурызбай ауданында құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Жағдай күрделене түссе, тұрғындарды уақытша орналастыру пункттеріне эвакуациялау қарастырылған. Аудан аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы жұмыс істеп жатыр.
Дамир Ермағамбетов, Алматы қ. ТЖД басшысы:
- Қазір біз Ақсай өзенінде, Ақсай бөгетінен жоғары қарай шамамен 1 шақырым қашықтықта орналасқан аумақта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұшу аппаратының көмегімен өзеннің жай-күйі мен су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауда тұр. Ешқандай қауіп жоқ. Ақсай бөгетінде және тұрғын үй секторында жедел штабтар жұмыс істеп тұр.
Тегтер #Алматы #сел #қауіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz