Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді.
Ал саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Бұл туралы бас қалада өткен брифингте, Орталық сайлау комиссиясының мамандары мәлімдеді. Ал саяси науқан кезінде сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер. Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады. Бір ерекшелігі – биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.
Азамат Айманақұмов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкін болмайтыны белгілі болса, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке өзінің тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде өтініш беруге құқылы. Бұл жағдайда сайлаушы өтініш жасаған кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша айлаушылар тізімінен алып тастауды және сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
Тегтер #құрылтай #дауыс беру #учаске #Орталық сайлау комиссиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz