Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден әкелінген ағаштан қауіпті карантиндік зиянкес анықталды.
Бұл туралы фитосанитариялық бақылау және қадағалау мамандары хабарлайды. Олардың айтуынша, сараптама қорытындысы бойынша, көрші елден жеткізілген тақтайлардан қауіпті құрт табылған. Айта кетейік, қарағайдың қара қоңызы, орман қорына орны толмас зиян келтіреді. Ал одан салынған үй тез шіріп кетеді. Осыған байланысты кәсіпкерге айыппұл салынып, 33 текше метр өнім, қаладағы арнаулы кәсіпорын аумағында жойылды.
Өмірхан Қанжігітов, Аумақтық өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі инспекцияның мемлекеттік инспекторы:
- Жеке кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сот қаулысымен кәсіпкерге өнімді жою туралы шешім қабылданды.
Тегтер #СҚО #зиянкестер #ағаш өніміPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz