RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияны бекітті

02.07.2026, 09:52 52

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамыздағы сайлауға 7 партияны жіберу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».

«2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігін, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясын, «Әділет» саяси партиясын, «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясын, Қазақстан халық партиясын, «Respublica» партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын жіберу туралы қаулы қабылдансын», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.  Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді. Саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz