Астана халқы жыл өткен сайын артып келеді. Осыдан 28 жыл бұрын адам саны шамамен 300 мыңға жуықтаса, қазір 1 миллион 660 мыңға жетті.
Елордаға көбіне Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары қоныс аударады. Қаланың даму жоспарындағы болжамға сәйкес, 2035-ші жылға қарай астаналықтардың саны 2,5 миллионнан асуы мүмкін.
1998 жылы – 300 000 адам
2026 жылы – 1 660 000 адам
2035 жылға қарай – 2 500 000
Шынар Төлешова, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы орталықтың бөлім басшысы, демограф:
- 2021 жылы Астана халқы саны 60 мың таяуға өссе, соның 60 пайыздайы көші-қон есебінен болған. Қалған 40 пайызы табиғи өсім есебінен болса, енді соңғы кездерде 2-3 жыл ішінде халық саны өсу қарқыны өте күшейіп отыр. «Енді неге көшіп жатыр?» деген сұрақ туындайды. Бұл жерде әрине, әркімде әртүрлі себеп. Біріншіден, Астана кез келген елде болсын, кез келген кезде болсын мүмкіндіктер қаласы. Отбасы болсын, жастар болсын, бірінші мүмкіндік іздеп келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz