RU
Толық нұсқаға өту

Астанада көшбасшы әйелдерге арналған халықаралық тренинг өтті

02.07.2026, 19:50 32

Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында көшбасшы әйелдерге арналған халықаралық тренинг өтті.

Онда Орталық Азия елдерінің құқық қорғау және шекара қызметі мекемелеріндегі мамандар бас қосты. Шараның мақсаты - қауіпсіздік саласындағы әйелдердің рөлін нығайту. Тренингті ұйымдастыруға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қолдау көрсетті. Жиынға саланың 30-ға тарта өкілі келіп, бес күн бойы психологиялық төзімділік, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, қызметте жасанды интеллектіні қолдану машықтарын игерді.

Эльвира Алимова,  ҚР ІІМ Басқару академиясы Ғылыми-зерттеу институтының бастығы, полиция полковнигі:

- Бұл іс-шара ІІМ бастамасымен, ОБСЕ кеңесімен бірлесіп, гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі күш-жігердің бөлігі ретінде өткізіліп отыр. Қатысушылардың қатарында Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан өкілдері бар. Бағдарлама кәсіби талаптарды да, әйелдердің күнделікті өмірінде кездесетін міндеттерін де ескере отырып жасалған.

Нилуфар Ахмедова, Өзбекстан Республикасының Кедендік комитет институты Тілдерді оқыту кафедрасының доценті:

- Бес күнде әртүрлі тақырып қамтылды. Мұнда тренерлерді оқыту әдістемелерінен бастап, гендерлік теңдік, эмоциялық тұрақтылықты дамыту мен жасанды интеллект тетіктеріне дейін үйретті. Бұл құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген әйелдер үшін өте маңызды тақырыптар. Алған білімімізді кәсібімізде жан-жақты пайдаланамыз деген ойдамын. Біз Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне осындай тренинг ұйымдастырғаныны үшін алғыс білдіреміз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz