Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттарды сақтап, өткізумен айналысқан қылмыстық топ жетекшісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы екі мүшесі 15 жылға сотталды. Тергеу мәліметіне сай, олар бірнеше жыл бойы дәріханалар арқылы күшті әсер ететін дәрілік заттарды заңсыз сатып келген. Тінту кезінде 1800-ден астам «Тропикамид» құтысы, 300-ден астам «Трамадол» ампуласы, мыңнан астам «Сомнол» таблеткасы және шамамен 17 грамм «Оксивин» препараты тәркіленді. Бұл дәрілік заттардың айналымы елде қатаң бақыланады әрі рұқсат құжатынсыз сатуға тыйым салынған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарымен психотроптық заттарды заңсыз сақтау мен өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297 бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында қылмыстық схеманы Тараз қаласының 60 жастағы тұрғыны ұйымдастырып жетекшілік еткені анықталды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жамбыл #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz