RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында төтенше жағдай жарияланды

02.07.2026, 20:20 32

Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бұған Жаңатұрмыс ауылы маңындағы Ақсай өзенінің арнасы шайылып, карьер аумағындағы топырақтың опырылуы себеп. Соған байланысты 11 жеке үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа уақытша көшірілді. Қазір оқиға орнында Алматы облысы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінің бірлескен жедел штабы жұмыс істеп жатыр. Мамандар тау өзендерін тікұшақ арқылы бақылауда. Судың деңгейі қауіпті межеден төмен, сел жүру қаупі жоқ. Апат салдарын жою жұмыстарына 19 қызметкер мен 14 арнайы техника жұмылдырылған. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Ақтоты Дәукенова, ТЖД азаматтық қорғау аға лейтенанты:

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 9 жеке тұрғын үйден 11 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қауіпті аумақ қоршауға алынды. Қазіргі уақытта инженерлік техникалар көмегімен Ақсай өзенінің арнасын тереңдету, кеңейту, және шайылған учаскеге кіреберіс жолын салу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ қауіпті учаскелерді нығайту мақсатында инертті материалдар төселуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz