«Таза Қазақстан» бір реттік экологиялық акциялар форматынан дәйекті мемлекеттік саясатқа айналды.
Өйткені азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Премьер-министр Президент жанындағы «жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңесте осылай деді. Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Жыл басынан ел аумағында 1 млн-нан аса ағаш отырғызылып, 4 млн-нан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткен. 76 мың гектардан аса аумақ тазартылып, 413 мың тонна қалдық шығарылған. Қайта өңдеуге кеткені 116 мың тоннаға жуықтайды. Жалпы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы басталған 3 жылда елді мекендерде 5 млн 600 мың ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам көшет пен жас шыбық егілді. Алайда экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы санмен емес, сапамен өлшенуі керегін нықтап тапсырды.
Тегтер #Таза Қазақстан #конституция #акция #саясат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz