RU
Толық нұсқаға өту

«Қарабұтақ-Қостанай» жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

03.07.2026, 14:21 46

Ақтөбе облысында республикалық маңыздағы «Қарабұтақ-Қостанай» автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Былтыр 40 шақырым жолды жөндеу жоспарланғанымен, мердігер небәрі 9 шақырымын ғана аяқтаған. Кейін онымен келісімшарт сот шешімімен бұзылды. Биыл жұмысты жаңа мердігер жалғастырып жатыр. Сонымен қатар жолдың тағы 49 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. 

Нұрлан Нұрғали, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары:

- Бұл жолдың жалпы ұзындығы, жоғарыда айтқанымдай, 234 шақырым. Биыл екі нысанда жұмыс жүргізу жоспарланған. Оның бірінде 49 шақырым, екіншісінде 31 шақырым жөнделеді. Жалпы биыл 80 шақырым жол қамтылады. Ал жолдың 136–185 шақырым аралығындағы 49 шақырым учаскесін келесі жылы, яғни 2027 жылға, жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz