Пойыздардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке бақылау күшейді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұлттық тасымалдаушы мен Көліктегі полиция департаменті бірлесіп рейдтік шара өткізді.
Бұл жолы «Қазақстан темір жолы» қызметкерлері көліктегі полициямен бірлесіп, Астана-Петропавл және Алматы-Астана бағытындағы пойыздарда рейд өткізді. Мамандар вагондарды аралап, жолаушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Көліктегі полиция департаменті жыл басынан бері жолаушылардың берекесін қашырған 327 адам пойыздан түсіріпті.
Мырзабек Ахметов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілі:
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Көліктегі полиция департаменті бірлесе жолаушылар пойыздарында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер өткізіп жатыр. Шараның мақсаты – жолаушылар пойыздарында жолаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. жолаушылардың жол жүру құжатынсыз жүру және рәсімделмеген жүктердің заңсыз тасымалдауының алдын алу.
Рейд барысында теміржол қызметкерлері жолаушыларға заң талаптарын сақтау мен жол жүру қауіпсіздігіне қатысты жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттарды алып жүруге болмайтынын ескертті.
Алихан Жұмажанов, көліктегі ПД ӘПБ бөлімінің бастығы:
- Рейдтік іс-шараның мақсаты – пойыздардың жолаушыларға құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау және қалмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Мамандар жолаушыларға жол жүру кезінде бағалы мүліктерін қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдардың сәлемдемесін алмауға кеңес береді. Ішінен заңсыз зат анықталса, оны алып жүрген адам да заң бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жолаушылар арасындағы түсіндіру жұмыстары пойыздарда алдағы уақытта жалғасады.
Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Мадияр Әскербек
Тегтер #пойыз #Заң мен тәртіп #рейд #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz