Алматы қаласы мен Алматы облысында сел қаупіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін 12 су бақылау бекеті қойылды. Ақсай бөгетінде қорғаныс үйіндісін биіктету және нысанды инертті материалдармен нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылындағы ахуал да тұрақты бақылауда. Бұл туралы елдегі гидрологиялық жағдай бойынша өткен жиында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Премьер-министр Олжас Бектенов сел қаупі жоғары өңірлердің әкімдеріне мұздық көлдердің жағдайын ерекше бақылауда ұстап, техниканың толық әзір болуын тапсырды. Ал Қазгидромет алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күшейеді деп болжайды. Әсіресе Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаууы мүмкін. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық және өңірлік жедел штабтары жағдайды тәулік бойы бақылап отыр.
Тегтер #Алматы #сел қаупі #24KZ #ТЖДPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz