RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі

03.07.2026, 19:28 29

Қызылордалықтар халықтық Конституция еліміздің экономикалық және мәдени-рухани дамуына серпін беретініне сенімді.

Маңызды құжаттың құндылығы – адам құқығы мен оның мүлтіксіз қорғалуы екенін айтады. Әсіресе қазіргі заман талабына сай азаматтардың жеке деректері мен цифрлық құқықтарының құжат жүзінде шегенделуі тұрғындар тарапынан жоғары бағаланды. Сондай-ақ жас ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері құжатта сапалы білім беру мен отандық ғылымды дамытуға басымдық берілгенін ерекше атап өтті. 

БЛИЦ: 

- Тарихи сабақтастықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра отырып, адам құқының салтанат құруы, ғылыми әлеуетімізді нығайту, мәдени даму – осыларды құндылық ретінде бағалау арқылы біз үлкен бір жаңа өмірге аяқ басқалы тұрмыз. Жеке адамның құқығы деген – бұл Конституцияның бірінші бабынан бастап, соңғы бабына дейін түгел қамтылған. Бұл ерекше жағдай деп ойлаймын.

- Қуанарлық жағдай – бұл цифрлық құқықтардың, азаматтардың қорғалуы Конституцияда көрініс табуы. Себебі әрбір азаматтың қазіргі таңда несиелері бар, әртүрлі электронды данныйлар дейміз ғой, жаңағы, жеке мәліметтері бар. Міне осы мәліметтердің барлығы құқықтық тұрғыдан қорғалуы осы Конституцияда көзделген.

- Бұрынғы Конституцияда жалпы білім беру құқығы жалпы халыққа берілетін болса, бұл жолы сапалы білімді, кадрларды даярлауға байланысты ерекше басымдықтар берілген. Яғни бұл Конституция тек құжат жүзінде ғана емес, іс жүзінде жүзеге асқанда, бұл біздің елімізді ерекше бір дамуға алып келеді. Біз соған сенеміз. Жалпы мына жас ғалымдар ретінде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz