RU
Толық нұсқаға өту

Конституция – елдің рухани паспорты

03.07.2026, 19:39 28

«Конституция - мемлекетіміздің рухани паспорты.

 Заңның үстемдігі орныққан жерде ғана әділет салтанат құрады. Ал әділет бар жерде халықтың мемлекетке деген сенімі де нығая түседі». Ақтаулықтардың пікірінше, жаңа мәтіндегі Ата заң күшіне енген сәттен бастап қоғамның әрбір азаматына жаңа жауапкершілік жүктелді.

БЛИЦ

- Ата заңға 1993 жылы және 1995 жылы өзгерістер енгізілді. Содан бері қаншама уақыт өтті. Яғни жаңашылдық керек екені бәрімізге түсінікті жағдай. Менің ойымша, жаңа Конституциямыз мемлекет пен халық арасындағы сенімді одан әрі нығайтуы керек. Әділетті қоғам қалыптастыруға қызмет етеді деп сенемін.

- Бұрын шетелдік кинодан көретін едік, полиция қызметкері азаматқа қандай құқығы барын айтып тұрады. Енді міне сол «Миранда» қағидасы біздің Ата заңымызға енгізілді. Құқық қорғаушылар күдікті деп тапқан адамға не үшін ұсталғанын, адвокат жалдау, телефонмен хабарласу сияқты құқығын түсіндіруге міндетті. Бұл туралы әрқайсымыз білуіміз керек. 

- Қазіргі қоғамда ата-анасына, өз бауырына зәбір көрсету тым көбейіп кетті. Ия, баршамызға белгілі жағдай перзентіне қамқорлық жасап, дұрыс тәлім-тәрбие беру әке-шешенің бірінші міндеті. Ал кәмелетке толған соң бала еңбекке жарамсыз болып қалған ата-анасына қамқорлық жасауға тиіс. Бұл туралы Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz