RU
Толық нұсқаға өту

1998-2026: Астананың даму динамикасы 

03.07.2026, 21:00 32

Астана бас қала атанғалы елордалықтардың қатары 5,7 есе артқан.

Алғашқы жылдары мұнда 300 мың тұрғын өмір сүрсе, қазір қала халқының саны 1,7 млн-ға жуықтады. Яғни қарашаның қалың қоныстануынан әлеуметтік нысандарға, тұрғын үйлерге, жол инфрақұрылымына, коммуналдық қызметтерге сұраныс осынша есе артты деген сөз. 

1998 жылы - 300 мың адам

2026 жылы - 1,7 млн адам  

Бас қаланың бүгіні мен бұрынғысын бағамдасақ, арқадағы шаһардың алып мегаполиске айналғанын байқаймыз. Аз уақытта Астана әлемдегі әдемі қалалардың бірі әрі бірегейі болып бой көтерді. Ендеше сандарды сөйлетіп, сөзімізді дәйекті дерекпен өрейік.  

Былтыр бас қаланың экономикасы 11,6 пайызға артты. Ал инвестиция көлемі 8,8 трлн теңгеге жетті. Оның 66 пайызы жеке салымшылардың қаржысы. Өткенге оралсақ, 1998 жылы негізгі капиталға тартылған сыртқы салым көлемі небәрі 40,8 млрд теңге еді. Ал биылғы төрт айдың өзінде бұл көрсеткіш 588 млрд теңгеге жетті. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда салаларында ілкімді істер көп. Жалпы өңірлік өнім көлемі де жыл сайын көбейіп келеді. Айталық, алғашқы жылдары 60,5 млрд теңгені құраса, биылғы қаңтар-сәуірдегі статистика 18,9 трлн-ға жетті.

1998 - 2026 

Негізгі капиталға тартылған инвестиция

₸40,8 млрд

₸588 млрд 

Өңірлік өнім көлемі

₸60,5 млрд

₸18,9 трлн

ЦИТАТА

Астанада барлық басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын байқалады. Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі

Алыс-беріспен қатар барыс-келіс те ілгерледі. 1998 жылы автокөлік арқылы 24,2 млн текше метр тауар тасымалданса, биылғы төрт айда 14,6 млрд  жүк жеткізілді. Ал осынша уақыт аралығында тасымалданған жолаушылар саны 39,7 млн адамнан 5,2 млрд-қа жуықтады. Енді құрылыс қарқынын айтайық. Астана алғаш бас қала атанған жылы 139,5 мың шаршы метр болатын 1382 пәтер пайдалануға берілген еді. Былтыр 4,8 млн шаршы баспана қолданысқа қосылды. Келешекте көрсеткіш көбеймесе, кемімесі белгілі. Сондай-ақ өзге де әлеуметтік нысандар белсенді бой көтеруде. Мәселен, кейінгі үш жылдың ішінде елордада 46 жаңа мектеп ашылды.  Айталық, 1998-1999 оқу жылдарында бас қалада 48 мектеп бар еді. Бүгінде олардың саны 200-ден асты. Онда 310 мың бала білім алып жатыр.

1998-2026

Автокөлік арқылы жеткізілген жүк

24,2 млн м³

14,6 млрд ткм 

Жолаушылар тасымалы

39,7 млн адам

5,2 млрд адам 

1998 жылы - 139,5 мың шаршы пәтер

2026 жылы - 4,8 млн шаршы пәтер 

1998 жылы - 48 мектеп

2026 жылы - 206 мектеп 

Аяжан Амантайқызы, Астана қаласы білім басқармасының баспасөз  хатшысы:

- Алдағы жылы 3 жылда 140 мың орынға арналған 60 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отырмыз. Сондай-ақ білім беру ұйымдарына тоқталсақ, 14 мың орынға арналған 60 жаңа балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Енді біздегі осы инфрақұрылымның арқасында, жаңа мектептердің салынуы арқасында бізде үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілді.

Медициналық көмек көрсету, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту да биліктің басты назарында. Бірнеше жылдың бедерінде бас қалада 11 нысан бой көтереді. Оның сапында көпбейінде аурухана, заманауи 8 емхана, және 2 жедел жәрдем қосалқы станциясы бар. Әсіресе акушерлік және босандыру қызметін дамыту ісі ілгерлейді. Айталық, 2027 жылға дейін елордада екі перинаталды орталық салынады. Бұл жайлы Астана әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Медициналық мекеме - 11

Көпбейінді аурухана - 1

Емхана - 8

Жедел жәрдем станциясы - 2

Дәулет Жақыпбаев, ҚР ДСМ инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда Астана қаласында 100 шақты медициналық обьектілер бар. Олар мемлекеттік және жекеменшік болып бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қала бойынша көптеген  ірі медициналық обьектілер салынуда. Алдыңғы жылдары Ұлттық ғылыми онкология орталығы және де ұлттық шұғыл медициналық орталығы салынды. Сонымен қатар қазіргі таңда екі заманау орталықтар, көпсалалы аурухана, емхана, салынуда.

Спорттық нысандар да халықтың қажеті үшін қызмет етіп тұр. Айталық, Астанада мұндай 800-ден астам ғимарат бар. Оның 36-сы ірі кешен. Ал тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі әрбір мың тұрғынға шаққанда 50,3 пайызды құрайды. Сондай-ақ бұқаралық спортты қолдау да қарқын алып келеді. Жыл басынан бері 60 аулада жаңа алаңқай ашылды. Бас-аяғы бас қалада 627 057 адам спортпен шұғылданады. Бұл шаһар халқының 43,6 пайызы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz