Келер жылы Астанада алғаш рет бірден екі ірі әлемдік турнир - киберспорттан әлем чемпионаты және үстел теннисінен әлем біріншілігі өтеді.
Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылуы аясында тиісті келісімдерге қол қойылды. Бүгін халықаралық конференция өтті. Қатысушылар спортта жасанды интеллект пен аналитиканы қолдану, сондай-ақ спортшыларды даярлаудың заманауи әдістерін талқылады. Жаңа жоғары оқу орны Орталық Азиядағы ең ірі бейінді университеттердің біріне айналмақ. Келесі оқу жылында мұнда шамамен төрт мың студент білім алады деген жоспар бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, университет маман даярлау, ғылымды дамыту және спортқа заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды алаң болады.
Гүлбарам Құлахметова, халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілі:
- Біздің елімізге көптеген спорт менеджерлері керек. Спорт саласындағы мамандар қажет болады. Осы ұлттық университет сол мамандарды даярлап шығаратын отандық білім ордасы болады.
Тегтер #Астана #спорт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz