RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда делдалсыз ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

04.07.2026, 09:00 35

Түркістанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Мұнда азық-түлік нарықтағы бағадан 20-30 % арзан сатылды.

Қолөнершілер орталығы аумағында ұйымдастырылған саудаға облыс аудандарынан келген кәсіпкерлер қатысып, өнімдерін тұрғындарға тікелей ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты ерекшелігі - делдалдардың болмауы. Сондай-ақ сатушыларға сауда орындары тегін берілген. Соның нәтижесінде диқандар өнімін қосымша шығынсыз өткізсе, тұрғындар жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек және өзге де азық-түлікті тиімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды. Мұндай жәрмеңке осы ай бойы әр жұма сайын ұйымдастырылады.

Нұрлан Аран, қала тұрғыны:

- Жәрмеңкеге келіп отырмыз, өте төмен бағада, ыңғайлы қылып жасалған. Өзімнің 6 бала-шағам бар, осы жерден өнімдерді алып жатырмын: көкөніс, жеміс-жидек. Осындай жәрмеңкелер көп бола берсін.

Шахида Әбдіраимова, жеке кәсіпкер:

- Осы өндірістерді өзіміз істеп, көпшілікке алып шығамыз.  Халыққа тиімді, арзан. Бізге көп адам келеді, саудамыз жүреді. Көптеген ұсыныстар түседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz