RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда көшелерді су басты

04.07.2026, 21:08 49

Алматыда коммуналдық қызметтер бірнеше сағатқа созылған нөсер жауын салдарын жойып жатыр. 

«Қазгидромет» дерегінше, бүгін мегаполис аумағында шамамен 10 миллиметр жауын-шашын түскен. Салдарынан Алматының төменгі бөлігінде бірқатар аумақты су басты. Көлік қозғалысы қиындап, ұзын-сонар кептеліс қалыптасты. Қазір коммуналдық қызмет мамандары жиналған суды сорып шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған жүзден астам арнайы техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, таулы өзен бассейндеріндегі жағдай тұрақты. Ал «Қазселденқорғау» мамандары ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz