RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда шілденің алғашқы жексенбісі - Ұлттық домбыра күні

05.07.2026, 09:00 48

Бүгін қазақтың төл өнері мен рухани қазынасын дәріптейтін Ұлттық домбыра күні.

2018 жылдан бері Президент бастамасымен шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың киелі қос ішекті аспабын ұлықтау мерекесі кеңінен аталып өтеді. Қара домбыра халықтың болмысы мен тарихын сабақтастырған қастерлі мұра. Мерекеге орай ел аумағында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында концерттер, дәстүрлі музыка кештері мен танымдық жобалар жоспарланған. Мәселен, Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүрлі «Асыл мұра» концерті өтеді. Бұдан бөлек елордалық амфитеатрда тұрғындар мен қала қонақтарына жаңа форматтағы мультимедиалық шоу ұсынылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz